Қазан айында елімізде халал стандарттарымен өндірілген тауарлардың халықаралық көрмесі өтеді

ілденің 12-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазанның 6-сы мен 9-ы аралығында елімізде халал стандарттарымен өндірілген тауарлардың халықаралық көрмесі өтеді. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан халал өнімдерінің көрмесі барысында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне қарасты «Халал» стандартын енгізу жөніндегі №57 техникалық комитетінің төрағасы Марат Сәрсенбаев айтты.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, аталмыш шараны Қазақстанның халал индустриясы қауымдастығының өкілдері ұйымдастырмақ. Шараны Халал индустриясы қауымдастығы өкілдерінің тапсырысымен «Экспо даму» компаниясы өткізеді. «Біз жуырда ғана Малайзия еліне барып ол елден екі күн бойына тәжірибе алмастық. Сондай-ақ аталмыш елдің өкілдерін өзіміздің өнімдерімізбен таныстырып, олар бойынша

ақпарат құралдарының өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткіздік. Халықаралық көрме біз үшін үлкен емтихан іспеттес болмақ. Сондықтан біз осы шараны ұйымдастыруға қазір көп күш жұмсап отырған жайымыз бар, деді комитет төрағасы.

Оның сөзіне қарағанда, халал индустриясын дамытуда Қазақстан лидер болуы керек. І с жүзінде еліміз ТМД кеңістігінде қазірдің өзінде көшбасшы. Сондықтан біздің қолға алғалы отырған шарамыз ойдағыдай болады деп үміттеніп отырмыз» деді М.Сәрсенбаев.

Соңғы жаңалықтар