Қазан айындағы жұмыссыздық 5,3 пайызды құрады
Өткен жылғы тиісті кезеңге қарағанда олардың саны 351,8 мың адамға немесе 4,3 пайызға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,7 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 67,2%) құрады.
Бұдан бөлек, агенттік таратқан мәліметке қарағанда, ағымдағы жылғы қазанда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша, 480,2 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды көрсеткен. Ал Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2011 жылғы қазан айының соңына 86,5 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 1,0 пайызын құрап отыр, былтырғы 2010 жылғы қазанда бұл 0,7 пайыз болатын.
Сонымен қатар, өткен қазан айындағы бағалау бойынша еліміздегі жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,3 пайызын құрады.