Қазанда республикалық автожолдардың жаңа учаскелерін қайта салу үшін жұмыс күшін әзірлеуге кірісу жоспарлануда

АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің ақпаратына сәйкес, республикалық маңыздағы жолдардың жаңа учаскелерін қайта салу бойынша бірқатар байқаулар жүргізілуде.
None
None

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметенше, үстіміздегі айда мердігер анықталысымен ұзындығы 64 шақырымды құрайтын «Алматы-Өскемен» автожолының Алматы облысындағы Талдықорған және Қапшағай қалалары арасындағы учаскесін қайта салуға дайындық жұмыстарын бастау жоспарлануда. Қазіргі кезде аталған учаскеде көлік қозғалысының қарқыны жоғары және апатты оқиғалар жиі орын алатындығына байланысты аталған автожолды 4 жолақтан тұратын 1-ші техникалық дәрежеге сәйкестендіру туралы шешім қабылданды. Қайта салу жұмыстары аяқталған соң, аталған учаскеде қайғылы оқиғаға әкеліп соқтыратын жол-көлік апаттарының саны азаяды деп күтілуде.

Ағымдағы жылдың соңына дейін Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы «РФ шекарасы - Орал - Ақтөбе» автожолының ұзындығы 33 шақырымды құрайтын учаскесін қайта салуға дайындық жұмыстарын бастау жоспарлануда. Аталған автомобиль жолы өткен жүзжылдықтың 70-ші жылдары салынған болатын. Сол уақыттан бері жолдың сапасы нашарлап, Ақтөбе мен Орал қалалары арасындағы жол жүру уақыты 12 сағатқа дейін ұзарған. 2013 жылы «РФ шекарасы - Орал - Ақтөбе» учаскесіндегі қайта салу жұмыстарын аяқтаған соң, Ақтөбе мен Орал қалалары арасындағы жол жүру уақыты 80 сағ/км есептегенде 2 есеге қысқарып, 5-6 сағатты құрайтын болады.

Сонымен бірге, Шығыс Қазақстан облысындағы «Таскескен - Бақты» автожолының ұзындығы 40 шақырымды құрайтын учаскесін қайта салуға дайындық жұмыстарын бастау көзделуде. Қазіргі уақытта аталған автожол жабындысының біраз бөлігі қозғалыс қарқынынан түсетін салмаққа сәйкес келмейді.

Атырау облысы мен Маңғыстау облысын қосатын жалғыз жолдың сапасы да сын көтермейді. Бүгінгі күні Азия Даму Банкінің қаржысын тарту арқылы Маңғыстау облысындағы ұзындығы 200 шақырымды құрайтын «Манаша-Шетпе» учаскесін қайта салу жұмыстары жүргізіліп жатқан болса, «Шетпе-Ақтау» учаскесін қайта салу жұмыстарына АДБ 2 несиесін тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұдан өзге, ағымдағы жылы ұзындығы 58 шақырым болатын «Сай-Өтес - Разъезд № 10» учаскесіндегі жұмыстарды бастау да жоспарда бар.

«Омбы-Павлодар-Майқапшағай» автожолының Семей және Павлодар қалалары арасындағы ұзындығы 63 шақырым болатын учаскесін қайта салу үшін мердігер компанияны анықтауда байқау процедуралары жүргізілуде. Аталған учаскені қайта салу жұмыстарын ағымдағы жылы бастау жоспарланған.

2012 жылғы қазанда «Астана-Қарағанды» автожолының «Астана-Теміртау» учаскесін жобалаушы анықталған болатын. Аталған автожолдағы қозғалыс қарқыны мен апатты жағдайдың жоғары болуына байланысты аталған автожолды 4 жолақтан тұратын 1-ші техникалық дәрежеге сәйкес кеңейту көзделуде. Сондай-ақ, жолды бөлу жолағында тосқауыл қондырғылары орнатылады. Бұл автокөлік құралдарының қарсы бағытқа өтіп кетпеуін болдырмауға септігін тигізеді.

Соңғы жаңалықтар