Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«ҚазАтомөнеркәсіп» 2010 жылы 53,6 млрд. теңге көлемінде таза шоғырландырылған табыс түсетінін күтуде

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - «ҚазАтомөнеркәсіп» 2010 жылы 53,6 млрд. теңге көлемінде таза шоғырландырылған табыс түсетінін күтуде.

«ҚазАтомөнеркәсіп» 2010 жылы 53,6 млрд. теңге көлемінде таза шоғырландырылған табыс түсетінін күтуде

Бұл туралы бүгін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің алқа мәжілісінде жылы «ҚазАтомөнеркәсіп»Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Владимир Школьник мәлім етті.

Компания басшысының айтуынша, өткен жылдың қорытындысына сәйкес қаржылық көрсеткіштің серпіні жоғары болып отыр. «Біз таза шоғырландырылған табыс 2010 жылы 53,6 млрд. теңгені құрайтынын күтудеміз», - деді ол.

Оның атап өтуіне қарағанда, компания осы өткен жылдың шоғырландырылған табысының 15 пайызын дивиденттерге төлемек. «Бұл сома 8 млрд. теңгені құрайды», - деді В. Школьник.