«Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның бұрынғы басшысы М.Жәкішевке өзінің қорғаушысы ретінде Б.Имашевты таңдауына болмайды - ҚР Бас прокуратурасы
АСТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат - «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның бұрынғы басшысы М.Жәкішевке өзінің қорғаушысы ретінде Б.Имашевты таңдауына болмайды,
деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
«Время» газетінің 2009 жылғы шілденің 23-індегі №107 (880) санында «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевпен сұхбат жарияланған болатын. Сұхбатында іске өзінің қорғаушысы ретінде ол Берік Имашевтың қатысуын қалайтыны туралы мәлімдегенін еске салды қадағалау органының баспасөз қызметі.
ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 70-бабының 2-бөліміне сәйкес Б.Имашев адвокат емес, айыпталушының жақын туысы немесе заңды өкілі, сондай-ақ кәсіподақтардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілі болып табылмайды. Сондықтан, Б.Имашевтың оның қорғаушысы бола алмайтыны М.Жәкішевке түсіндірілді деп мәлімдеді ҚР Бас прокуратурасында.