«Қазатомөнеркәсіп» биыл өндіріс көлемін 40 пайызға ұлғайтпақ

АЛМАТЫ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ биыл 11 900 тонна уран өндірмек.
None
None
Бұл жайлы компания президенті Мұхтар Жәкішев бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы өткен жылы 8521 тонна, ал 2007 жылы 6637 тонна уран өндірген болатын. Мұхтар Жәкішевтің айтуынша, шоғырландырылған аудит әлі аяқталмағанымен, алдын-ала есептеулер бойынша алдыңғы жылмен салыстырған кірістің жалпы өсімі былтыр 37 пайызды құрайды. «Өндірістегі өсім 28,5 пайыз болып отыр. Биыл бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 40 пайызға дейін ұлғаяды деп жоспарлануда», - дейді «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның президенті М. Жәкішев. Оның пайымдауынша, нарықтағы сұранысқа байланысты өндіріс көлемі өзгеруі де мүмкін.
Соңғы жаңалықтар