Қазатомөнеркәсіп компаниясы 500 миллион АҚШ долларының дебюттық еурооблигацияларын орналастырды

АЛМАТЫ. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат - Қазатомөнеркәсіп облигацияларына сұраныс бастапқы ұсыныстан 8 есеге асып түсті,

Қазатомөнеркәсіп компаниясы 500 миллион  АҚШ долларының дебюттық еурооблигацияларын  орналастырды

деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ 500 миллион АҚШ доллары сомасындағы дебюттық еурооблигацияларды 6,25 пайыздық купондық мөлшерлемемен 5 жылдық мерзімге орналастырды. Бұл дамушы нарықтардағы эмитенттері еурооблигацияларын шығару тарихындағы ең үздік көрсеткіш болып отыр. Инвесторлардың өтінімдер кітабы 4,3 миллиард АҚШ долларын құрады. Табыстылық 2010 жылғы мамырдың 14-і күнгі өткізілген өтінімдер кітабын жабудың қорытындысы негізінде анықталды. Алғашқы тікелей шығарым бойынша қазақстандық инвесторлардың үлесі шығарылымның 10 пайызына тең болды.

Компанияның дебюттық еурооблигацияларын орналастырудың осынау оң нәтижесі Қазақстанның биік беделі мен оған деген әлемдік қауымдастықтың жоғары сенімін аңғартқандай. Мұның барлығына халықаралық қауіпсіздік, сондай-ақ халықаралық нормативтер мен МАГАТЭ регламенттеріне сәйкес ядролық таратпау режимін нығайту бойынша еліміздің шебін күшейтудегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке үлесінің арқасында қол жетіп отыр.

Облигациялар Reg S/144A ережелері бойынша орналастырылуда, есеп айырысу мерзімі - 2010 жылғы мамырдың 20-сы деп жоспарлануда. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еурооблигациялардың дебюттық шығарылымының бірлескен жетекші менеджерлері мен букраннерлері етіп JP Morgan және BNP Paribas қаржы институттарын тағайындады. Ал отандық жетекші менеджер ретінде «Halyk Finance» АҚ-на сенім білдірілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы ағылшындық құқықпен үйлестірілуде.