«ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясы ауылға жаңа стадион мен тұрғын үй тарту етті

Созақ ауданының әкімі Созақбай Әбдіқұловтың, «ҚазАтомӨнеркәсіп-Демеу» әлеуметтік компаниясының бас директоры Бақыт Шыршықбаевтың қатысуымен екі әлеуметтік нысанның - стадион мен тұрғын үйдің ашылу рәсімі өтті.
Қыземшекте компания жұмысшылары үшін 70 пәтерлік бесқабатты тұрғын үй салынды. Кеңес Одағы кезінен құрылысы аяқталмай қалған нысанның жұмысын аяқтау күйзеліп қалған ауылдың бүгінгі жаңа тіршілігінің символы, Ұлттық атом компаниясының уран өндіруші өңірдегі айтулы жетістіктерінің көрінісі болып отыр. Бұл нысанды қайта жаңарту жұмыстары 378 миллион теңгеге түсті.
Ұлттық атом компаниясы сондай-ақ, ауылға жаңа стадион сатып берді. «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясы уран өндіруші аймақтың әлеуметтік саласын дамытуға соңғы 5 жылда 10 миллиард теңге салып отыр.