«ҚазАтомӨнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының бұрынғы басшысына қатысты сот ашық түрде өткізіледі ? ҰҚК

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «ҚазАтомӨнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевке қатысты сот ашық түрде өткізіледі. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаров мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «ҰҚК аталған қылмыстық істі қозғауда қандай да бір саяси астардан бас тартады. Атап айтқанда, М. Жәкішевті «ҚазАтомӨнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының президенті лауазымынан босатып, кейіннен оны тұтқындау саяси тапсырыс екен, ол Рахат Әлиевпен және Мұхтар Әбілязовпен бұрынғы байланыстары үшін қуғындалып отыр, деп БАҚ арқылы таратылып жатқан ақпараттар орынсыз», - деді К. Бекназаров.
Соңғы жаңалықтар