ҚазАТУ үш тілді оқыту жүйесін 48 мамандық бойынша енгізіп отыр - ректор

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАТУ үш тілді оқыту жүйесін 48 мамандық бойынша енгізіп отыр. Бұл туралы университет ректоры Ақылбек Күрішбаев мәлім етті.
None
None

«Жұмыс берушілердің ұсыныстары мен пікірлері негізінде университеттің білім беру бағдарламасына 200-ге тарта жаңашылдық енгізілді. Тәжірибеден өту мерзімі 3 айдан 8 айға ұлғайтылды, 82 пән бойынша дуалды оқыту енгізілген. 48 мамандық бойынша үш тілді оқыту жүріп жатыр», - деді ол бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаевамен болған кездесуінде.

Сонымен қатар, оның сөзіне қарағанда, Калифорния университетімен бірге ҚазАТУ-дың даму стратегиясы жасақталуда. Сондай-ақ университеттің аумағында тәжірибе алуға және түрлі зерттеулер жасауға мүмкіндік беретін тәжірибелік шаруашылық ашылған.

«Соңғы 4 жылда университеттің ғылыми зерттеулерді қаржыландыруы 6 есеге өскен. 2015 жылы университет түлектерінің 82 пайызы жұмыспен қамтылған. Бұл көрсеткіш Қазақстан ЖОО-ры арасында ең үздік көрсеткіш болып табылады», - деді А.Күрішбаев.

Соңғы жаңалықтар