Жыл басынан бері ақылы жолдардан 79 млрд теңге түсті — Дархан Иманашев

АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дархан Иманашев ақылы жолдардан түскен ақшаны қайда жұмсап жатқандарын айтты.

ақылы жол
Фото: ҚазАвтоЖол

— 2025 жылы 1700 шақырым болатын 9 жаңа учаске ақылы жолдарға қосылды. Осылайша ақылы учаскелердің жалпы саны 26-ға жетіп, ұзындығы 4900 шақырым болды. 11 айда ақылы жолдардан 79 млрд теңге түсті, — деді ол Үкімет отырысында.

Компания басшысы түскен қаражат есебінен 4900 шақырым ақылы жолды күтіп ұсталып, жөндеу жұмыстары жүргізілгенін айтады.

председатель правления АО «КазАвтоЖол» Дархан Иманашев
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

— Төлем жүйесінің инфрақұрылымы қалыптастырылды. 1000 мыңға жуық арнайы техника сатып алынып, инвестордың шығындары төленді. 1200 қызметкерге айлық төленіп, өзге де әкімшілік шығындары өтелді. 61 мың шаршы метр шұңқыр бітеліп, 140 мың жол белгісі орнатылды, — деді Дархан Иманашев.

Бұған дейін ҚазАвтоЖол компаниясының ақылы жолдардан алатын қаражатын жауапты органдар жыл сайын тексеретіні айтылған болатын. 

Сонымен қоса ҚазАвтоЖол биыл 48 маманын 196 млн теңге айыппұлмен жазалағаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар