05:58, 11 Желтоқсан 2025 | GMT +5
«ҚазАвтоЖол»: Алматы және Жетісу облыстарында жол ашылды
АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Жетісу және Алматы облыстарында ауа райының күрт нашарлауына байланысты жабылған жол учаскелерінің ашылғанын хабарлады.
Жетісу облысы
- 2025 жылғы 11 желтоқсан сағат 06:00–де республикалық маңызы бар «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 254-315 шақырым аралығындағы учаскесінде (Алматы облысының шекарасынан Алтынкөл ауылына дейін) барлық көлік түрлеріне қозғалыс ашылады.
- 2025 жылғы 11 желтоқсан сағат 06:00–де республикалық маңызы бар «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» 275-323 шақырым аралығы (Талдықорған қаласы — Қызылағаш ауылы) барлық көлік түрлеріне қозғалыс ашылады.
Алматы облысы
- 2025 жылғы 11 желтоқсан сағат 06:00–де республикалық маңызы бар «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 126-254 шақырым аралығындағы учаскесінде (Шелек ауылынан Жетісу облысының шекарасына дейін) барлық көлік түрлеріне қозғалыс ашылады.
- 2025 жылғы 11 желтоқсан сағат 06:00–де республикалық маңызы бар «Байсейіт — Көкпек — Шонжы — Көктал» автожолының 21-104 шақырым аралығы (Нұра ауылынан — Шонжы ауылына дейін) барлық көлік түрлеріне қозғалыс ашылады.
Ұлттық компания 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын еске салады.
Айта кетейік, бұған дейін кеше ауа райына байланысты Жамбыл және Түркістан облысында көлік қозғалысы шектелгенін жазғанбыз.