ҚазАвтоЖол биыл 48 маманын 196 млн теңге айыппұлмен жазалаған

АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дархан Иманашев Үкімет отырысында жол салу және жөндеу жұмыстарын техникалық тұрғыдан қадағалау ісінде бассыздыққа жол берген қызметкерлерді қалай жазалағандарын айтты.

а
Фото: Досбол Атажан / Kazinform

— 2025 жылы келісімшарт талаптарын бұзғаны үшін 48 техникалық қадағалау маманы жұмыстан шығарылып, оларға 196 млн теңге айыппұл салынды. Құрылыс жұмыстарын тиісті түрде орындамағаны үшін 10 мердігер компания сот шешімімен жосықсыз компаниялар тізіміне енгізілді, — деді ол.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дархан Иманашев
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Бұған дейін ҚазАвтоЖол компаниясының ақылы жолдардан алатын қаражатын жауапты органдар жыл сайын тексеретіні айтылған болатын. 

Сонымен қатар ҚазАвтоЖол он мердігер компанияны қара тізімге енгізгені анықталды.

 

Соңғы жаңалықтар