09:40, 06 Наурыз 2026 | GMT +5
Қазавтожол жүргізушілерге ауа райына байланысты ескерту жасады
АСТАНА.KAZINFORM – ҚазАвтоЖол мекемесі еліміздің 14 облысында қалың қар түсіп, боран тұру ықтималдылығына байланысты жүргізулішерге ескерту жасады.
-2026 жылғы 6 наурызда Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қар мен боран болуы мүмкін,-делінген хабарламада.
Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтап, жолдардағы ауа райы мен жолдардың жағдайы туралы мәліметтеді назарға алу керектігі ескертілді.
Осыған дейін ресублика бойынша жабық тұрған жолдар туралы мәліметтер берген едік.