«Қазфлювак» және «Рефлювак» вакциналары ДДҰ-ның талаптарына толығымен жауап береді - С.Мамадалиев

АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - «Құс» тұмауына қарсы «Қазфлювак», «доңыз» тұмауына қарсы «Рефлювак» вакциналары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талабына толығымен жауап береді.

«Қазфлювак» және «Рефлювак» вакциналары ДДҰ-ның талаптарына толығымен жауап береді - С.Мамадалиев

Бұл туралы бүгін вакциналарды жасап шығарған ҚР Білім және ғылым министрлігі Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Сейідғаппар Мамадалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Біз алғаш рет медициналық вакциналар жасап шығардық. Сондықтан, осындай дәрі-дәрмектерге ДДҰ-ның қоятын барлық талаптарын мұқият зерттеу қажет болды. Институттың ғалымдары вакцинаны жасап шығару барысында бірқатар нормативтік құжаттарды құрастырды. Оның ішінде 93 стандарттық лабораториялық процедуралар, 4 лабораториялық регламент, 17 әдістеме жасалды. Бүгінде осы технологияға қатысты құжаттар толығымен рәсімделіп болды», - деді профессор.

Сонымен бірге, профессор вакцинаны жасап шығару барысында институттың ғалымдарына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары мен ресейлік әріптестер үлкен көмек көрсеткендігін атап көрсетті.