11:27, 10 Қазан 2013 | GMT +5
«Қазфосфат» 2020 жылға дейін өндіріс көлемін 8 есеге арттырмақ - Жамбыл облысының әкімі
АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - «Қазфосфат» ЖШС 2020 жылға дейін өндіріс көлемін 8 есеге арттыруды жоспарлап отыр.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев мәлім етті.
«Қазфосфат» ЖШС жоспарында жаңғырту бойынша 7 жобаны іске асыру қарастырылған. Бұл өз кезегінде компанияға 2020 жылға дейін өндіріс көлемін 8 есеге арттыруға мүмкіндік береді»,-деді Қанат Бозымбаев.