Қазғарыш мамандары мен экологтар семинар өткізді
Қазғарыш агенттігінің, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, Қазақтың әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің, білім және ғылым министрлігі мен денсаулық сақтау министрліктерінің ғылыми-зерттеу институттарының, сондай-ақ зымыран-ғарыш қызметі саласындағы экологиялық бағдарламалардың тең орындаушы-ұйымдарының өкілдері қатысқан семинарды Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Еркін Шаймағамбетов алғысөзбен ашты.
Жиналған қауым зымыран-ғарыш қызметінің қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін бағалау жөніндегі «Инфракос-Экос» кәсіпорны мен ғылыми-зерттеу ұжымдары бірлесіп шешіп отырған мәселелердің маңыздылығын бір ауыздан атап көрсетті.
Семинар барысында 12 баяндама тыңдалып, олардың талқылаудың қорытындысы бойынша Қазақстанда зымыран-ғарыш қызметінің экологиялық қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі бірқатар ұсыныстар енгізілді.