«Қазгидромет» алдағы үш күннің айы райы болжамын жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады.

лето, погода, природа, цветы, тюльпаны, ботанический сад, парк
Фото: Александр Павский / Kazinform

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, алдағы үш күнде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн құбылмалы болады.

Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, шығыста және республиканың орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз, ыстық болады. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі.

Оңтүстік өңірлерде аптап ыстық – 36-41 градусқа дейін, ал оңтүстік-шығыста 32-39 градусқа дейін болады. Батыс Қазақстанда ауа температурасы төмендефді: түнде 12-23 градус, күндіз 25-37 градус жылы. Қалған аумақта ауа температурасының біртіндеп көтерілуі болжанады.

Осыған дейін соңғы айлардағы ең қуатты геомагниттік дауыл жақындап келе жатқаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар