Қазгидромет алдағы аптаға агрометеорологиялық болжамдар жасады

АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қазгидрометтің жасаған агрометеорологиялық болжамдарына сәйкес, шілденің 3-і мен 9-ы аралығында Қазақстанның басым аумағында аптап ыстықтар болады,
None
None

жекелеген өңірлерде - аздаған жаңбыр.

Сонымен, алдағы аптаның ортасында республиканың батысы мен оңтүстік-батысында күндіз ауа температурасы жоғарылап, аздаған жауын жауады. Бұл малдың еркін жайылуына кері әсерін тигізбек.

Елдің солтүстік, солтүстік-батысы мен орталығында өткінші жаңбырлар мен ауа температурасының жоғарылауы күтілуде. Осының арқасында бір апта бойы Павлодар мен Қарағанды облыстарында ылғал топырақта ұзаққа сақталып, өсімдіктердің өсуіне оң әсерін тигізеді. Бір мезгілде бұл жағдай, ауыл шаруашылығы зиянкестері мен түрлі аурулардың көбеюіне әкеледі.

Ал республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысы мен шығысында кей уақыттары себелеп өтетін жаңбырлы, ыстық ауа райы сақталады. Алдағы апта дәнді дақылдардың пісуіне, шөп оруға және маялауға жақсы уақыт.

Соңғы жаңалықтар