12:03, 10 Шілде 2010 | GMT +5
Қазгидромет Атырау және Маңғыстау облыстарында қатты ыстық болатынын ескертеді
АСТАНА. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат - Қазгидромет таяу екі күннің ішінде Атырау мен Маңғыстау облыстарында +40 градустан жоғары ыстық болатынын болжап отыр.

«Шілденің 10-12-сі күндері Атырау облысында аптап ыстық сақталады, кей жерлерде +42 градусқа дейін жетеді. Шілденің 12-сінде күндіз Маңғыстау облысында +38, +43 градус аптап ыстық сақталады», делінген хабарламада.