10:15, 13 Қыркүйек 2010 | GMT +5
«Қазгидромет» бүгін түнде оңтүстік өңірлерде ауа райы суытатындығы туралы ескерту жасады
АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» бүгін түнде оңтүстік өңірлерде ауа райы суытатындығы туралы ескерту жасады.

«Қыркүйектің 13-і күні түнде Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының жекелеген аумақтарында топырақ бетінде 0-2 градус үсік жүреді», делінген таратылған хабарламада.