«Қазгидромет» еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның 14 өңірінде ау райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

осень
Фото: Александр Павский / Kazinform

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15–20 м/с дейін жетеді. Солтүстік, оңтүстік және шығыс аймақтарда төтенше өрт қаупі сақталады, ал солтүстік-шығыс пен оңтүстік-шығыста өрт қаупі жоғары деңгейде. Атырау қаласында да түнде және таңертең жел екпіні 15–18 м/с болады, өрт қаупі төтенше деңгейде.

Ұлытау облысында күндіз облыстың батысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, екпіні 15–20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, шығысы мен орталығында өрт қаупі жоғары, солтүстігінде де қауіптің жоғары деңгейі күтіледі. Жезқазғанда өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Маңғыстау облысында және Ақтау қаласында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі, ал солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да өрт қаупі жоғары деңгейде.

Қарағанды облысында күндіз облыстың батысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15–18 м/с дейін күшейеді.

Абай облысында түнде және таңертең солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с жетеді. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығысында желдің екпіні 15–18 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман болады. Күндіз шығысы мен оңтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с жетеді. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі.Ақтөбе облысында күндіз солтүстігі мен орталығында желдің екпіні 15–18 м/с дейін жетеді. Оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары, батысы мен солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығысында және таулы аймақтарда желдің екпіні 15–20 м/с. Батысы мен солтүстігінде төтенше, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстігінде төтенше, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында батысы, солтүстігі және оңтүстігі бойынша тұман күтіледі. Петропавл қаласында да түнде және таңертең тұман болады.

Ақмола облысында түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары. Көкшетауда да түнде және таңертең тұман болады. Жетісу облысында түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Түнде орталығы мен шығысында 1–3 градус аяз күтіледі. Талдықорғанда да түнде 1–3 градус аяз болады.

Соңғы жаңалықтар