Қазгидромет сәуірдің 11-і күнгі күн райы болжамын жариялады

АСТАНА.KAZINFORM - «Қазгидромет» РМК-сы сәуірдің 11-і күнгі күн райы болжамын жариялады.

весна, цветы, погода, ауа райы, гүлдер, көктем
Фото: Александр Павский / Kazinform

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады, елдің батысында, солтүстік-батысында жаңбыр мен қар жауады.

Тек елдің оңтүстігінде, шығысында, республиканың орталығында күн жауын-шашынсыз болады. ҚР бойынша жел күшейіп, елдің батысында, шығысында тұман түсіп, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Осыған дейін ТЖМ 10-11 сәуірде қар көшкіні түсетінін айтып, ескерту жасаған еді.

 

Соңғы жаңалықтар