Қазгидромет шілденің 4-і күнгі күн райы болжамын жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы шілденің 4-і күнгі күн райы болжамы жариялады.

люди, дождь, погода, ауа райы, жанбыр, адамдар
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер батыста, солтүстікте, шығыста, ҚР орталығында өз ықпалын сақтайды. Соның салдарынан елдің басым бөліінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте қатты жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда бұршақ жаууы мүмкін.

Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте дауыл тұрады, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі.

Атыраудың оңтүстігінде, батысында, Ақмола, Павлодар облыстарының батысында, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбенің оңтүстік-шығысында, батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында, Ұлытау облысының орталығында өрт қаупі сақталады.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жетісу облысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде және Ұлытау облысында, Ақтөбе облысының орталығында, Маңғыстаудың солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Осыған дейін өрт қауіпсіздігі талабын бұзғандар 52 млн теңге айыппұл арқалағаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар