Қажетсіз «жол карталарын» әзірлегендерге қатаң шара қолданылады — Президент

АСТАНА. KAZINFORM — Инфляцияның шарықтап кетуіне жол бермеу керек. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Президент предложил закрепить в Конституции запрет на выселение из жилища без решения суда
Фото: Ақорда

— Инфляцияны ойға қонымды, қалыпты деңгейге түсіру қажет. Оның шарықтап кетуіне жол бермеу керек. Инфляцияның не себепті жоғары болып тұрғаны белгілі, кеселдің себебі анықталды. Енді осы мәселені шешу керек. Бірақ ұсынылатын шаралар елдің дамуына кері әсерін тигізбеуі қажет. Дәл осы тұста түрлі пікір айтылып жатыр. Үкімет пен Ұлттық банкке бірлесіп нақты іс-қимыл алгоритмін әзірлеуді тапсырамын, — деді Прехидент.

Мемлекет басшысының пайымынша осы маңызды жұмысқа барлық мекеме өкілдері мен сарапшылар қатысуs тиіс.

— Тағы да қайталап айтамын: қолайсыз ахуалды шұғыл ретке келтіру қажет. Биылдан бастап үш жыл қатарынан инфляцияны төмендету үшін нақты шаралар қабылдау керек. Бірлескен іс-қимыл бағдарламасын сапалы орындау айрықша маңызды. Мәселені шешудің орнына бос сөзді көбейтіп, қажетсіз «жол карталарын» әзірлеу — жауапкершіліктен қашу деген сөз. Алдын ала ескерту: ондай жағдайда қатаң шара қолданылады. Халықтың табысы артса ғана, нақты нәтижеге қол жеткіздік деп санауға болады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі баға тұрақсыздығының ауқымы әлеуметтік саланың аясынан асып бара жатқанын айтты.

Соңғы жаңалықтар