«Қазхром» АҚ ғылыми-сынақ орталығының директоры таңдаулы инновациялық жоба байқауында жеңімпаз атанды

АҚТӨБЕ. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - «Қазхром» АҚ ғылыми-сынақ орталығының директоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Жұматқан Ізмембетов «Өндірістер, жаңа бұйымдар және өнімдер жасау арқылы Ақтөбе облысы металлургиялық кешенінің қалдықтарын жою» жобасы үшін «Ақтөбе облысындағы таңдаулы инновациялық жоба» байқауында жеңімпаз атанды.
None
None

Байқау Ақтөбеде «Бизнес қызметтер-2009» мамандандырылған көрмесі барысында өтті, оны облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы ұйымдастырды.  Жеңімпазға диплом және жұмысын жалғастыру үшін 3 млн. теңге сыйлық берілді.

Екінші орын мен 2 млн. теңге сыйлыққа ҚР құрметті жер қойнауын барлаушысы, Минералдық ресурстар академиясының мүше-корреспонденті Владимир Юриш «Ақтөбе облысындағы жез-колчедан рудалануы болжамының жартылай вулкандық әдісі» жобасы үшін алды.

«Ақтөбе аймақтық индустриялық парк» ЖШС минералдарды су арқылы бөлуге қатысты жобасы үшін ие болды.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Николай Ювицаның айтуынша, инновациялық жобалар байқауы бизнес-құрылымдарға жаңа өндірістерді дамыту, жаңа өнімдер жасау, жаңа технологияларды енгізу үшін қызметтерді ұсынуға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар