10:30, 20 Қаңтар 2026 | GMT +5
Kazinform Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдағы сөзін трансляциялайды
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Қызылорда қаласында V Ұлттық құрылтай өтеді, келелі жиынға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады.
Ұлттық құрылтай кеше басталып, алғашқы күнде төрт панельдік секция бойынша отырыстар өтті. Онда ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын өзекті мәселелер талқыға түсті.
Бүгін Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, елдің алдағы даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады.
Kazinform агенттігі сайтында және Telegram арнасында мәтін трансляциясын жүргізеді.
Еске салсақ, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 2022 жылы Ұлытауда өтті. Мұнан соң 2023 жылы Түркістанда, 2024 жылы Атырауда, 2025 жылы Бурабайда өткен болатын.