Қазіргі Астана - жаңа, серпінді даму үстіндегі Қазақстанның бет-бейнесі - Мемлекет басшысы

СТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазіргі Астана - жаңа, серпінді даму үстіндегі Қазақстанның бет-бейнесі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елорда мерекесінің 12 жылдық мерейтойының ашылу құрметіне арналған салтанатты шара барысында мәлім етті.
None
None

«Біз 1998 жылы бүкіл әлемге астанамызды таныстырдық. Сол кезден бастап Астана, тіпті жергілікті тұрғындар да танымастай өзгерді. Менің ойымша, астаналықтар күн сайын елорданың жақсарып келе жатқандығын көруде, әсіресе ағымдағы жылы ол ерекше абаттана түсті», деп атап өтті Президент.

Сонымен қатар Елбасы қала маңына 50 мың, ал қала ішінде 6 мың гектар ағаш отырғызылғанын айта келіп, «біз бұл далалық қаланы жасыл әрі жайлы қалаға айналдырдық», деді.

«Астана біздің еліміздің басты мегаполисіне, халықаралық конференциялар, экономикалық форумдар өтетін орынға, адамдардың бірі-біріне деген толеранттылығы әрі құрметі тоғысатын әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерін өткізетін жерге, біздің мемлекетіміздің тұрақтылығының тұғырына айналды», деді Мемлекет басшысы.

12 жылдың ішінде жалпы ұлтық азық-түлік 20 есе ұлғайып, 1 трлн. 300 миллион теңгеден асып түскендігін, өндірістік өнім көлемінің 9, қалаға инвестиция 18 есе өскендігін айтқан Н.Назарбаев «Қазіргі Астана - жаңа, серпінді даму үстіндегі Қазақстанның бет-бейнесі. Астананың жақсарғанына қарап отырып, барлық республикамыздың дамуын көз алдыңа елестетуге болады», деп қорытты сөзін.

Соңғы жаңалықтар