Қазіргі дағдарыс жағдайында жанұялар отбасылық құндылықтары мен ауыз-бірліктерін жоғалтып алмауы тиіс ? Г.Әбдіхалықова

АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - ҚР Президенттік Мәдениет орталығында Қазақстан әйелдерінің V форумы аясында «Өнегелі отбасы: тіл, дәстүр және қазіргі заман» тақырыбында секция отырысы өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ұйымдастыруымен өткен іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, белгілі ғалымдар, жазушылар, қоғам және мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ 50-ге жуық үлгілі отбасы мен батыр аналар қатысты. Ондағы басты мақсат ? патриоттық рухтағы жас ұрпақты тәрбиелеу, қазақтың үлгілі, елге танылған отбасындағы тәрбиелік үрдістерді насихаттау, оны кеңінен ұлықтау. ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықованың айтуынша, Қазақстан экономикасы үшін аса ауыр болған 1990 жылдары қазақстандық отбасылардың белгілі бөлігі ғана қиындықтарға төтеп беріп, беріктік таныта білді. Әлеуметтік жағдайларының нашарлығына төзімді бола алмай, тастанды балалардың санын көбейткен азаматтар да болды. «Аталмыш шараның мақсаты - қазіргі дағдарыс жағдайында отбасылық құндылықтарды сақтау, олардың аяқтарынан мығым тұрып, ауыз-бірліктерін жоғалтып алмауына септігін тигізу», - деді ол.
Соңғы жаңалықтар