Қазіргі кезде Ақмола облысындағы ірі жол апатында қаза тапқан 5 адамның мүрдесі танылды

  АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат тілшісіне Ақмола облыстық ІІД-нің жол полициясы басқармасының баспасөз орталығынан  хабарлағандай, қазіргі кезде ірі жол апатында қаза тапқан бес адамның ғана мүрдесі танылды.

Қазіргі кезде Ақмола облысындағы ірі жол апатында қаза тапқан 5 адамның мүрдесі танылды

Мүрделер қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын құжаттары арқылы танылды.

Апат салдарынан қаза тапқан басқа тұлғалардың есімдерін анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылдың 19 тамызында сағат шамамен 20:50-де Алматы-Екатеринбор тас жолының 1309-шы шақырымында ірі жол-көлік апаты орын алды. Соның салдарынан 14 адам оқиға орнында көз жұмып, тағы біреуі ауруханада бақилық болды, 20-дан астам адам жарақат алды.