Қазіргі кезде елімізде 59 электрондық қызмет пен сервис жүзеге асырылуда - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Алматы филиалының директоры

trong>. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Электрондық үкіметті» дамытудың 2007 жылға дейінгі алғашқы кезеңі ақпараттық сипатта болды.
None
None

Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан «Software Enginering Summit-2010» бірінші Халықаралық орталықазиялық конференциясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Алматы филиалының директоры Фарида Ақшолақованың айтуынша, Қазақстандағы «электрондық үкіметті» дамытуының 2008-2010 жылғы екінші кезеңінің интерактивті, 2010-2014 жылғы үшінші кезеңінің транзакциялық сипатта болып одан кейін ақпараттық қоғам құру жоспарланып отыр. Алғашқы кезеңде ғаламторда мемлекеттік органдардың 95 пайызының сайты болса, екінші кезеңде ол 100 пайызды құрады. Интернетті қолданушылар 4 пайыздан 8-10 пайзыға дейін, экономикалық белсенді халықтың ақпараттық технологиялық сауаты 16-дан 22,5 пайызға көтерілді. Ал ақпараттық қызмет 65-тен 50-ге, интерактивті қызмет 35-тен 50-ге дейін ұлғайды. Үшінші кезеңде интернет қолданушылар 18 пайызға, экономикалық белсенді халықтың ақпараттық технологиялық сауаты 35 пайызға, ақпараттық қызмет 30 пайызға интерактивті және транзакциялық қызмет 70 пайызға дейін жетпек.

«Біздің элекрондық қызмет - бизнеске, азаматтарға және мемлекеттік қызметкерлерге бағытталған. Мәселен, 2008 жылы азаматтарға - 18, бизнеске -12, мемлекеттік қызметкерлерге -10, ал 2009 жылы азаматтарда -19, бизнесте -3 электрондық қызмет пен сервис жасалды. Олар: салық айналымы (8); мүлік (13); әлеуметтік қызметте зейнетақы аударымдары мен әлеуметтік жеке код алу (3); жеке және заңды тұлғаларға анықтамалар, неке, өлім, туу, аты-жөнді өзгерту және тағы басқа куәліктерлде (22); әлеметік қызметте мүгедектікті алуда, әлеуметік төлемдерді жәрдемақы мен зейнетақыны тағайындауда (9); ауыл шаруашылығы (3) салалары мен соттылықты анықтау (1) қызметтерінде», дейді Фарида Ақшолақова. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Алматы филиалының директорының сөзіне қарағанда, электрондық қызмет сервиске «Электрондық үкімет» порталы, мемлекеттік органдардың интернет-порталдары, қоғамдық пункттер мен халыққа қызмет көрсету орталықтарында қол жетімді.

Соңғы жаңалықтар