Қазіргі уақытта республикамызда жалпы 22 млрд. тонна қалдық жиналған, оның 7 млрд. тоннасы қауіпті

АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазіргі уақытта республикамызда жалпы 22 млрд. тонна қалдық жиналған, оның 7 млрд. тоннасы қауіпті.
None
None

Бұл туралы бүгін Парламентте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын таныстырған Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов мәлім етті.

Оның атап өтуінше, ең алдымен заң жобасы маңызды экологиялық мәселе - жинақталған қалдықтар көлемінің арту проблемасын шешуге бағытталған. 2007 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 18-отырысында өндіріс және тұтыну қалдықтарын өңдеу мәселесін шешуді тапсырған да болатын.

«Біз мемлекеттік органдармен және Бас прокуратурамен бірлесіп, жинақталған қалдықтардың барлық көлемі үшін қосымша төлемді енгізу туралы ұсыныс бердік. Республикамызда көп жылдардан бері жинақталған қалдықтардың көлемі азаймайды. Керісінше, олардың көбею үрдісі байқалуда. Қазіргі уақытта республикамызда жалпы 22 млрд. тонна қалдық жиналған. Олардың ішінде 7 млрд. тоннасы қауіпті қалдықтар», - деді министр.

Н.Әшімовтің алға тартқан деректеріне қарағанда, соңғы 3 жылдағы қалдықтардың түзілу динамикасына сәйкес, әр жылы түзілетін қалдықтардың орташа есеппен алғанда 20 пайызы ғана кәдеге жаратылады екен. Яғни жылына 500 миллион тонна қалдық жиналған күннің өзінде де зиянды заттардың қалатынын көрсетіп отыр.

«Осындай үрдіспен 2020 жылға дейін 28 млрд. тонна қалдық жинақталады деп күтілуде», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар