Қазком Ақтауға мүсін сыйлады

АЛМАТЫ. 3 қазан. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Ақтаудағы неке сарайы алдына «Аққудың адалдығы» атты мүсін композициясы қойылды. Мүсінді қалаға Қазкоммерцбанк пен «Құс жолы» қоры Қазақстан тәуелсіздігі мен банктің 20 жылдығына арналған «20 қайырымды іс» бағдарламасы аясында тарту етті.

Қазком Ақтауға мүсін сыйлады

Мүсінде махаббат пен тазалық, нәзіктіктің символы қос аққу бейнеленген. Қазақы оюлармен безендірілген, киіз үй формасындағы композиция неке сарайының архитектурасының жалғасы іспетті жасалған.

Ақтау Қазкоммерцбанк пен «Құс жолы» қорының сыйлығына ие боған 11-ші қала. Алдағы уақытта Қазақстанның 9 қаласы тәуелсіздік пен банктің 20 жылдығына арналған «20 қайырымды іс» аясында осындай ерекше сыйлыққа ие болмақ. Бұған дейін бұндай сыйлыққа еліміздің 9 қаласы ие болған еді. Мәселен, Петропавл мен Семейде шырша аллеясы ашылса, Сәтпаев қаласында «Алғашқы ұстазға» деп аталатын орындықтар қойылды. Балқаш пен Жезқазған, Өскеменде балалар алаңы, Таразда «Алғыс аллеясы», Степногорде арнайы сахна жасалған еді. Ал, Оралда «Домбыра» композициясы, Теміртауда «Күн сағаттары» композициясы жұртшылық көзайымына айналған.