Қазкоммерцбанк 2009 жылғы өз қызметінің қорытындысын жариялады
АЛМАТЫ. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Қазкоммерцбанк 2009 жылдың шоғырландырылған қаржылық есебінің қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат бануктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Банктің таза пайдасы - 19 миллиард теңге, таза пайыздық маржасы - 7,8 пайызды, таза пайызсыз кірісі - 58,9 миллиард теңгені құрады. Жыл басымен салыстырғанда активтері 1 пайызға кеміп, клиенттердің есеп шоттарындағы қалдықтар өткен жылмен салыстырғанда 30,3 пайызға, бөлшек депозиттер 24,2 пайызға ұлғайды. Бірінші деңгейлі баламалы капитал коэффициенті 15,9 пайызға, баламалы жеке капиталдың коэффициенті 20,1 пайызға дейін өсті.
"2009 жыл банк үшін күрделі және көңіл аударарлықтай болды. Нарықтағы ахуал төтенше күрделі боп қалса да, Қазкоммерцбанк сыртқы міндеттемелерін толық көлемде орындады. Сондай-ақ өз клиенттерін қолдап, жылды табыспен аяқтады", дейді түсіндірме жасаған "Қазкоммербанк" АҚ-ның басқарма төрайымы Нина Жүсіпова. Оның айтуынша, былтыр клиенттерге берілген жұмыс істемейтін займдар 22,8 пайызды құрады. 2008 жылдың соңында ол несие қоржынының 8,1 пайызы деңгейінде болған еді. Жұмыс істемейтін заемдардың ең жоғарғы өсімі 2009 жылдың 3-ші тоқсанында байқалып, 4-ші тоқсанда біршама бауялады. Жұмыс істемейтін займдардың өсуіне корпоративтік сегмент үлкен ықпал етті. Онда жұмыс істемейтін займдардың үлесі 7,3-тен 22,6 пайызға, бөлшек сегментте 13-тен 24,4 пайызға артты.