14:23, 04 Желтоқсан 2009 | GMT +5
"Қазкоммерцбанк" екінші шығарылымдағы субординацияланған индексті облигацияларын өтеді
АЛМАТЫ. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ - "Қазкоммерцбанк" желтоқсанның 1-і күні, жоспарға сәйкес, 4 353 150 000 теңге сомасына субординацияланған индексті облигацияларын өтеді.
Купондық мөлшерлеме 8% құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат банк таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
Шығарылым 7,5 миллиард теңге сомасына 2002 жылдың қараша айында тіркелген болатын. Облигацияларды орналастыру айналыстың толық мерзімі ішінде жүзеге асырылды. Облигациялар өтелген күні 4 353 150 000 теңге мөлшерінде номиналды құны төленген болатын, сондай-ақ купондық сыйақы - 166 961 522,50 теңге төленді.
Негізгі борышты және үстінен есептелген сыйақыны банк өз қаражатының есебінен төледі.