Қазкоммерцбанк екінші шығарылымдағы субординацияланған индексті облигацияларын өтеді

     АЛМАТЫ. Желтоқсанның 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазкоммерцбанк екінші шығарылымдағы субординацияланған индексті облигациялдарын (НИИ KZ2СКY07A693) өтеді,
None
None

     деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

         Жоспарға сәйкес 4 миллиард 353 миллион 150 мың теңге сомасындағы субординацияланған индексті облигация желтоқсанның 1-інде өтелді. Купондық мөлшерлеме 8 пайыз.   7,5 миллиард теңге сомасындағы бұл шығарылым 2002 жылдың қараша айында тіркелген болатын. Облигациялар өтелген күні 4,3 миллиард теңге мөлшеріндегі номиналдық құн мен 166  миллион 961 мың 522,2 теңгенің купондық сыйақсы төленді. Жалпы негізгі борыш пен  сыйақы банктің өз қаражатының есебінен төленіп отыр.

Соңғы жаңалықтар