Қазкоммерцбанк "Грантум" ЖЗҚ" АҚ-дағы өз үлесін ұлғайтты

АЛМАТЫ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Қазкоммерцбанк "Грантум" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-ның қосымша акциясын иеленгені туралы мәлімдеме таратты,

Қазкоммерцбанк "Грантум" ЖЗҚ" АҚ-дағы өз үлесін ұлғайтты

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Банк сатып алу құқы аясында қордың бұған дейін бөлінбеген 80 370 дана акциясын 80 миллион 370 мың теңгеге сатып алған. Олар сәуір айында 2 миллион 119 мың 630 акцияны немесе орналастырылғанның 96 пайызын иеленген еді. Сондай-ақ Директорлар кеңесі сәуірдің 21-інде қалған 80 370 акцияны әрқайсысын 1 мың теңгеден сатып алуға шешім қабылдаған болатын. Бұл тапсырма мамырдың 4-і күні толық көлемде жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде қор капиталындағы банктің үлесі 80,01 пайыздан 80,52-ге дейін ұлғайды. Жалпы 2 миллион 200 мың дана қосымша акцияны шығару туралы шешім "Грантум" ЖЗҚ" АҚ-ы акционерлерінің ақпанның 11-інде болған жалпы жиналысында қабылданған. Ол қордың қаржылық тұрақтылығын арттыру мақсатында жасалды.