Қазкоммерцбанк тұтынушысының 500 мың еуросын қымқырған алаяқ сотталды

АЛМАТЫ. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматының Бостандық аудандық соты Қазкоммерцбанк тұтынушысының есепшотынан 500 мың еуроны қымқырған Гүлнар Сланова есімді алаяқ азаматшаны 5 жылға бас бостандығынан айырды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Өзінің Л.есімді танысының жеке төлқұжаты мен төлем картасын қолға түсірген алаяқ түрінің ұқсастығын пайдаланып, оның есепшотынан 500 мың еуро алған. Қазкомның қауіпсіздік қызметі мен полицияның жедел әрекеті нәтижесінде әлгі ізін жасыра алмаған. Ұсталу кезінде одан қымқырған 498 мың еуро алынған. Сот алаяқтың мүлкін тәркілеп, 5 жыл жазасын қатаң режімдегі түрмеде өтеуге кесті.

 Осы оқиғаға орай Қазкоммерцбанк өкілдері тұтынушыларға кез келген түсінбеушілік жағдай болса және құжаттары жоғалған жағдайда  банкке шұғыл  хабарласу қажеттігін ескертеді.

Соңғы жаңалықтар