Қазкоммерцбанк Үкіметтің дағдарысқа қарсы жоспары аясында ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасын бастады

АЛМАТЫ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазкоммерцбанк Үкіметің қаңтардың 13-індегі №6 қаулысына сәйкес ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға банктің қарыз алушыларынан түскен өтініштерді қарауды бастады.
None
None
Бұл бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорымен жасалған келісім бойынша бағдарламаға қатысатын 8 банк ипотекалық несиелерді жылына 9 және 11 пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен қайта қаржыландырады. «9 пайыздық мөлшерлеме мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік мекемелердің және кәсіпорындардың қызметкерлері үшін, 11 пайыздық мөлшерлеме өзге санаттағы қарыз алушыларға арналған. Оларға қойылатын талаптар ұлттық қормен жасалған келісімде бекітілген. Бұл барлық банк үшін ортақ. Сол себепті біз клиенттер үшін қандай да бір қосымша жеңілдіктер жасай алмаймыз», дейді Қазкоммерцбантің басқарма төрайымы Нина Жүсіпова.Ал басқарушы директор Әділ Батырбековтің айтуынша, талап бойынша қарыз алушы ең алдымен Қазақстан Республикасының резиденті болуы шарт. Оның несиеге сатып алған және несиенің кепілдігі болып табылатын пәтерінің жалпы ауданы 120 шаршы метрден аспауы керек. Қарыз алушының жұбайы мен кәмелетке толмаған балалары үшін бұдан өзге жылжымайтын мүлкі болмауы тиіс. Сондай-ақ қайта қаржыландыруға берілген өтініш берген күнге дейін қарыз алушының несие бойынша төлеу мерзімін өткізіп алған жағдайы болмауы керек.
Соңғы жаңалықтар