Қазкоммерцбанк жалпыұлттық "Атамның жеңісі - менің жеңісім!" әлеуметтік акциясы әрі қарай жалғасады

АЛМАТЫ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Қазкоммерцбанк жалпыұлттық "Атамның жеңісі - менің жеңісім!" әлеуметтік акциясын 2011 жылғы мамырдың 9-ына дейін жалғастыратыны туралы баспасөз хабарламасын таратты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Жеңістің 65 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл акцияға наурыздың 29-ы мен мамырдың 7-сі аралығында 55 адам қатысқан. Онда жеңімпаз батырлардың балалары мен немерелерінен 58 адамның тарихына қатысты құнды материалдар жинақталды. Бастапқыда бұл акцияны Жеңіс күні мерекесінде аяқтау жоспарланған болатын. Бізді қоғамдық резонанс ерекше қайран қалдырды. Сондықтан ардагерлерге деген құрметтің белгісі ретінде оны алдағы Жеңіс күніне дейін жалғастыру туралы шешім қабылдадық", дейді "Қазкоммерцбанк" АҚ-ның Басқарушы директоры Ермек Шамуратов.

Жалпы "Атамның жеңісі - менің жеңісім!" акциясына кез-келген адам қатыса алады. Олар бұл үшін Жеңісті жақындатуға әскери және еңбектегі ерен ерлігімен өз үлесін қосқан туыс-туғандары мен жақын-жуықтарының әскери тарихына қатысты ескі суреттеріне ұрпақ жалғастығы ретінде өздерінің суреттерін қосып шараны ұйымдастырушыларға жолдауы керек. Әлеуметік акцияға жолданған барлық тарих банктің (kkb.kz) және алғашқы әлеуметтік банктік желіде (homeclub.kz ) орналастырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар