Қазкоммерцбанкте жаңа 2 басқарушы директор тағайындалды

деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Басқарушы директор боп жаңадан тағайындалған Сергей Мокроусов - халықаралық блокқа, Амар Ганибал - нарықтық және корпоративтік несие тәуекелін басқармақ. Павлодар мемлекеттік университетін "Экономика және басқару" мамандығы бойынша бітірген және АҚШ-тағы Дартмут колледжінің іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесін иеленген С. Мокроусов бұл банкте 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Басқарманың 40 жастағы жаңа мүшесі 2008 жылдан бері қаржы институттарымен қатынасқа жауапты атқарушы директор, ал оған дейін Өнімдік қолдау департаментінің бастығы және Жобалық қаржыландыру департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды. Оның 35 жастағы әріптесі Ганибал Амар Тувшинг Қазкоммерцбанктің тәуекел-менеджменті департаменті директоры қызметіне 2008 жылы шақыртылған болатын. Оған дейін ол 1999 жылдан бері Амстердам, Чикаго және Лондондағы ABN AMRO банкте тәуекелді басқару және корпоративтік несиелеу саласында жұмыс жасап келген еді. 1998 жылы Брюссель қаласындағы Еуропалық университетін "Экономика" мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі бойынша бітірген А. Ганибал 2007 жылы Бостон қаласындағы Гарвард бизнес мектебінің (Harvard Business School) іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесін алды.