"Қазкоммерцбанктің" сыртқы қарызы біршама азайды

АЛМАТЫ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Қазкоммерцбанктің" сыртқы қарызы біршама азайды.

"Қазкоммерцбанктің"  сыртқы қарызы біршама азайды
Оны банктің атқарушы директоры Сергей Мокроусов бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Сыртқы қарыз ішкі ресурс арқылы төленеді. Былтыр 2 миллиард доллардан астам қарызды өтедік. Кесте бойынша биылғы жылы төленетін борышымыз 1,5 миллиард долларды құрап отыр. Ал 2010 жылы ол 400 миллион доллар көлемінде болады», - дейді Сергей Макроусов. Оның айтуынша, банк барлық сыртқы қарыздарын ішкі ресурсымен қайтара алады. Оны рейтинг төмендеген жағдайда мерзімінен бұрын өтеу туралы инвесторлармен арада ешқандай келісім-шарт жоқ. Сондықтан қарызды қайтару келісілген кесте бойынша жүргізіледі.