«ҚазМұнайГаз» 206 компаниядан тек 75-ін қалдыру шешімін жасады - Ө. Шөкеев
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» құрамындағы 75 компанияны қалдыру шешімін жасады. Бұл туралы бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан
Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті. «ҚМГ-де («ҚазМұнайГаз») 206 компаниядан тек 75-ін қалдыру шешімін жасады. «Қайта өңдеу және маркетинг» бағыты толықтай, яғни барша МӨЗ-дер мен жанармай құю стансалары желілерін қоса отырып, «ҚМГ - қайта өңдеу және маркетингтің» 51 пайызын сату жолымен жекешелендіріледі»,-деді басқарма төрағасы.
Оның сөзіне қарағанда, сонымен қатар «Rompetrol» компаниясын қоса отырып, «KMG International» компаниясының 51 пайыздан кем емес деңгейін сатуға қою ұсынылып отыр.