«ҚазМұнайГаз» Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясысының Директорлар кеңесі өкілеттігінің мерзімі аяқталғанына байланысты «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасы 2020 жылғы 17 тамыздан бастап жұмыс істейтін Директорлар кеңесінің төмендегі құрамын бекітті.
1. Кристофер Джон Уолтон, ҚМГ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор;
2. Алик Серікұлы Айдарбаев ҚМГ Басқарма төрағасы;
3. Тим Г. Миллер, тәуелсіз директор;
4. Филип Малькольм Холланд, тәуелсіз директор;
5. Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин, қор өкілі;
6 Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев, қор өкілі;
7. Энтони Эспина, Қор өкілі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Директорлар кеңесінің алдыңғы құрамында тоғыз адам болған.
Жоғарыда аталған директорлар қордың Корпоративтік басқару кодексінің ротация жоспарына сәйкес 3 жыл мерзімге сайланды.
Кристофер Уолтон, Ұзақбай Қарабалин, Алмасадам С»тқалиев, Энтони Эспина және Алик Айдарбаев ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшелері ретінде қызметін жалғастырады.
«Компания бұған дейінгі Директорлар кеңесінің барлық мүшелеріне, атап айтқанда Балжит Каур, Стивен Уайт, Филип Дайер және Луиса Палья да Силваға атқарған жұмыстары және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді.
Сонымен қатар, компания жаңадан тәуелсіз директорлар болып сайланған Тим Миллер мен Филип Холландтың жұмысына сәттілік тілейді», делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тим Миллердің мұнай-газ саласында халықаралық тәжірибесі мол. Филип Холланд дүниежүзі бойынша ауқымды жобаларды іске асырып жүрген маман.