19:59, 22 Қаңтар 2009 | GMT +5
«ҚазМұнайГаз» нарықтағы алаңдаушылықты жеңіп, бүкіл аймақ үшін жаңа өтімді үлгілі деңгей құрды - Euroweek басылымы.
АСТАНА. Қантырдың 22-сі. ҚазАқпарат. Қаңтардың 12-сінде Лондонда өткен International Financing Review Awards 2008 рәсімінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «2008 жылғы облигациялардың үздік шығарылымы - Еуропа, Таяу Шығыс және Азияның дамушы рыноктары» (Emerging EMEA Bond of the Year) наградасын иеленді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. International Financing Review Awards 2008 салтанатты іс-шарасына әлемдегі беделді қаржылық және инвестициялық компаниялардың мыңнан астам өкілдері қатысты.
Беделді IFR қаржылық басылымның наградасы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына 3 000 000 000 АҚШ доллары мөлшеріндегі 2008 жылғы маусымдағы дебюттік облигациялар шығарылымы үшін берілді, ол Орталық және Шығыс Еуропа нарықтарындағы ең ірі егеменсіз және әлемдегі бірден-бір ірі шығарылым болды. Сәтті өткізілген роуд-шоудан кейін АҚШ, Ұлыбритания мен Азияның мықты инвесторлары тарапынан келіп түскен тапсырыстар шығарылымның болжамды сомасынан екі есе артты. Мәміле мөлшері 2008 жылы ең жоғары болды. Шығарылымды бірлесіп ұйымдастырғандар Citi, ABN AMRO және Credit Suisse инвестициялық банктері. Bracewell&Giuliani және White&Case ? заң консультанттары, Ernst&Young ? аудитор болып табылды. Еурооблигациялардың сәтті шығарылымы және IFR наградасы Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы беделінің одан әрі нығаюына әсер етеді, халықаралық инвесторлардың Қазақстан экономикасына және еліміздің мұнай-газ секторының одан әрі даму перспективаларына сенімін білдіреді. «ҚазМұнайГаз» нарықтағы алаңдаушылықты жеңіп, бүкіл аймақ үшін жаңа өтімді үлгілі деңгей құрды» деп атап өтті Euroweek басылымы.