«ҚазМұнайГаз» полиэтилен өндірісіне 11 млрд теңге инвестиция тартпақшы
АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасенов Үкімет отырысында полиэтилен зауытының құрылысы биыл басталатынын айтты.

— «ҚазМұнайГаздың» ірі жобасы — полиэтилен өндіретін зауыт. Биыл толық масштабты құрылыс жұмыстары басталды. Осы жобамен бірге екі инфрақұрылымдық жоба — газ сепарациялау кешені мен магистральдық құбырларды салу іске асырылады, — деді компания басшысы.
Аталған 3 жобаның жалпы құны шамамен 11 млрд доллар болады деген есеп бар.
— Сонымен қатар, газ сепарациялау кешені жобасын қаржыландыру — ашық мәселе. Қазақстан даму банкімен қолайлы шарттарды қарастырып жатырмыз. Бұл «ҚазМұнайГаз» бен серіктестердің тікелей инвестициялары болмақ. Бүгінде барлық инвестициялық шешім қабылданды, — деді ол.
Бұған дейін елімізде мұнай-газ-химия өнеркәсібі туралы заң жобасы әзірленіп жатқанын жазған едік.