«ҚазМұнайГаз» соғыс және еңбек ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтап, әріптес компанияларға ардагерлерге көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмекті кеңейтуді ұсынды

None
None
АСТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетуге арналған салтанатты іс-шаралар өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қалыптасқан дәстүр бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК ғимаратында салтанатты түскі дастархан мен концерт ұйымдастырылды, оған 100 соғыс және еңбек ардагері шақырылды. Ардагерлерге құрмет көрсету рәсімі «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ өндірістік бөлімшелері мен ҚМГ-ның басқа да еншілес ұйымдарында өткізілді.«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында ардагерлерге, мүгедектерге, мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкерлеріне әлеуметтік көмек көрсетуде едәуір тәжірибе жинақталған, «ҚР ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық ұйымымен, «Көмек» ардагерлер кеңесімен, «Мұнайшы» қоғамдық бірлестігімен және басқа да ұйымдармен тығыз байланыс орнатылды.Саланың жеті мыңнан астам ардагерлері мен еңбек сіңірген қызметкерлерін біріктіретін «Мұнайшы» ҚҚ мен «ҚазМұнайГаз» тобы арасында 2006-2011 жылдарға Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Осы ынтымақтастық шеңберінде 2008 жылы ардагерлерге атаулы көмек көрсетудің өзіне «ҚазМұнайГаз» 42 млн. теңге жұмсады.Жеңіс күні қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК қызметкерлері өз бастамашылығымен ардагерлерге барып, оларға сыйлық тапсырып, мерекесімен құттықтады. ҚМГ президенті Қайыргелді Қабылдин алты орденнің иегері, Смоленск, Витебск және Кенигсберг түбіндегі шайқастарға қатысқан майдангер Нәжікен Қапышевта қонақта болды.Ардагермен әңгіме барысында ұлттық компанияның басшысы «ҚазМұнайГаз» соғыс және еңбек ардагерлеріне атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді кеңейтуде барлық күш-жігерді біріктіру жөнінде шетелдік әріптестерге ұсыныс жасағанын айтты.Кайыргелді Қабылдин шығыстардың қысқаруына қарамастан, 2009 жылы ҚМГ соғыс және еңбек ардагерлеріне көрсетілетін көмектің көлемін тиісті деңгейде сақтауды жоспарлап отырғанын атап өтті.
Соңғы жаңалықтар
telegram