«ҚазМұнайГаздың» екі қызметкері коронавирус жұқтырды деген күдікпен тексерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазМұнайГаз» ҰК орталық аппаратының 2 қызметкері коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен тексерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚазМұнайГаздың» екі қызметкері коронавирус жұқтырды деген күдікпен тексерілді

«Компанияның екі қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтыруы мүмкін деген күдікпен тексерілді. Қызметкерлердің біреуі Франкфур-Нұр-Сұлтан рейсінде коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқаспен бірге ұшып келген. Ал екінші қызметкер Нұр-Сұлтан қаласынан Алматы қаласына дейін осы ұшақпен ұшып барған болатын. Қызметкерлер алгоритмге сәйкес COVID-19 бар-жоқтығын анықтайтын тест тапсырды. Нәтижесінде олардың вирус жұқтырмағаны анықталды», - делінген хабарламада.