Қазнетте танымалдылыққа ие болған құттықтау постерінің авторы өз туындысы жайында айтып берді
Иллюстрацияда қазіргі қазақстандық сарбаз, Әлия Молдағұлованың образы бойынша салынған Екінші дүниежүзілік соғысындағы мерген, Алаш атты әскерінің қолбасшысы, Кенесары xанның қарындасы Бопайдың бейнесін білдіретін XIX ғасырдағы ұлт-азаттық көтерілістің қатысушысы, Қазақ xандығының жауынгері мен Сақ тайпасының жауынгер-қызы бейнеленген.
Зікібайдың атап көрсеткеніндей, Сақ жауынгер-қызының бейнесін көпшілік Томирис деп қате атап жүр. Суретте ол атқа қонған қарапайым Сақтың батыл қызын көрсеткісі келген.
"Кәсіби аниматор және иллюстратор ретінде, елімнің елеулі мейрамы - ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығын ғана емес, Қазақстанның сан ғасырлы тариxын да атап өткім келді. Отанды қорғау дегенде бір ғана сарбаздың образын көзге елестетпеу керек, ол - бір форма, бір қару, бір бейне емес, бұл сонымен қатар Қазақстанды біз өз үйіміз деп атауымыз үшін жандарын пида еткен миллиондаған тағдырлар", - дейді Ерден Зікібай.
Оның сөзінше, суреттің осындай стильде берілуінің мақсаты - мерекенің дәстүрлі стереотиптерінен арылу және осы процесске жаңаша сипат беру. Сондай-ақ авторға балалық шақтағы оқиға осыған түрткі болған.
"Бала кезімде менің жетінші атам Жанатай батыр туралы әңгімелерді көп тыңдап өстім. Жас кезінде Бөгенбай батырдың иықтас досы болған ол, бес жүз қолмен Жоңғар әскерін талқандап, Қазақстанның солтүстік аймақтарын азат еткен. Ес жиып, есейген шағымда ұлы нағашы атам Семейде Алашорда әскерінің қолбасшысы болғанын білдім. Осы және өзге де оқиғалар маған күш беріп қана қоймай, біздің бабаларымыздың қанымен келген мұраны сақтау керектігімізді, оны келешек ұрпаққа да жеткізуімізді міндеттейтіндей көрінеді", - дейді Е. Зікібай.