«Қазпошта» АҚ 45 миллиондай АҚШ доллары көлеміндегі сыртқы қарызын қайтарды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 22-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - «Қазпошта» АҚ ұлттық пошта операторы кеше ABN AMRO Bank N.V. (Нидерланды) (қазіргі кезде RBS) банкінен тартылған сомасы 45 000 000 АҚШ долларына тең сыртқы қарызды дер кезінде әрі толықтай өтеді.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігіне «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады. Аталған қаражат Алматы қаласында ақпараттық-логистикалық орталық салуға жұмсалған. Бұл орталық болашақта компанияға көрсетілетін қызметтер түрі мен сапасын көтеру арқылы пошталық қызметтерден түсетін табысты арттыруға мүмкіндік береді дейді «Қазпошта»АҚ баспасөз қызметінің өкілдері.
Соңғы жаңалықтар